«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз
13,34 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 13,34 млн АҚШ долларына 108 694 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 7,95 млн АҚШ долларына 64 325 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,38 млн АҚШ долларына 44 369 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.