«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз   11,49 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

 «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз  

11,49 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды

 

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 11,49 млн аса АҚШ долларына 97 615 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 6,70 млн астам АҚШ долларына 56 937 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 4,79 млн АҚШ долларына 40 678 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.

 

 

Дата публикации
12 мая 2025