АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 22,75 трлн теңгеге жетті
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандықтардың шоттарына түсетін жарналардан және инвестициялық кірістерден жинақталған зейнетақы жинақтарының көлемі 22,75 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 3,86 трлн теңгеге немесе 20,5%-ға артты.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2025 жылдың 1 сәуіріне - 21,76 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,3%.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 653,83 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 9%.
Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2025 жылдың 1 сәуіріне олардың көлемі 8,19 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 сәуіріне 329,12 млрд теңге болды.