Allianz халықаралық рейтингіндегі Қазақстандық зейнетақы жүйесінің орны жоғарылады 

 АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Allianz халықаралық рейтингіндегі

Қазақстандық зейнетақы жүйесінің орны жоғарылады 

 

Сақтандыру саласындағы Allianz[1] жетекші компаниясы өзінің Allianz зейнетақы индексін (Индекс) пайдалана отырып, 71 елдің зейнетақы жүйесі талданған жаһандық зейнетақы есебінің жаңа басылымын шығарды. Онда Қазақстан Австрия, Испания, Чили, Сингапур, Гонконг, Қытай және басқа да көптеген елдерден озып, 26-орынға орналасты (2023 жылы Қазақстан Индекстегі 75 елдің ішінде 34-орынға ие болған еді).

Allianz зейнетақы индексі (API) зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен тұтастығын кешенді бағалауға негізделген. Ол үш ішкі индекстен және 1-ден 7-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланған 40 түрлі өлшемнен тұрады, мұндағы 1 ең жақсы нәтижені білдіреді. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің API индексі - 3,5 балл.

 

Демографиялық өзгерістердің қарқынын, мемлекеттік қарызды және жалпы өмір сүру деңгейін бағалайтын бірінші суб-индекс бойынша Қазақстанның жинаған ұпайы 4,1 балға жетті (2023 жылы – 3,5 балл). Бұл көрсеткіш БАӘ-де (2,3 балл), Австралияда (2,6 ұпай) және Израильде (2,9 ұпай) жоғары.

Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын бағалайтын екінші суб-индекс бойынша Қазақстан 3,6 балл жинады (2023 жылы – 3,6 балл). Бұл суб-индекстегі ең жақсы нәтижелерді Индонезия, Дания және Болгария (2,1-ден 2,3-ке дейінгі ұпайлармен) негізінен зейнет жасын ұлғайту және олардың зейнетақы жүйелеріне қор құрамдауышын енгізу арқылы қол жеткізді.

 

[1] Allianz Group-әлемнің 70-ке жуық еліндегі 125 миллион жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін сақтандыру компаниялары мен активтерді басқарушылар арасындағы әлемдік көшбасшы. Өз қызметі аясында Allianz жеке және корпоративті сақтандыру қызметтерінің кең спектрін ұсынады, соның ішінде жылжымайтын мүлікті, өмірді және денсаулықты сақтандыру, көмек қызметтері, несиелік сақтандыру және халықаралық бизнесті сақтандыру. Сонымен қатар, компания экономиканың әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізумен белсенді айналысады, соның ішінде әлемнің зейнетақы жүйелерін талдау бойынша есептер шығарады.

 

Allianz халықаралық рейтингіндегі Қазақстандық зейнетақы жүйесінің орны жоғарылады 
Дата публикации
10 апреля 2025