Қазақстандықтардың зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеден асты.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Отандастарымыздың зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті

 

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша азаматтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері 4,52 трлн астам теңгеге (немесе 25%) өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 ақпанына 21,69 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 23,8%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,21 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 12,5%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (45,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – шамамен 8 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 270,08 млрд теңгеге жуықтады.

Кіріс

2025 жылдың қаңтар айында салымшылардың шоттарына шамамен 234,24 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 24,8% немесе 46,56 млрд теңгеге артық).

МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.02.2025 жылға дейін 200,33 млрд аса теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9% артық) түсті, МКЗЖ  - 12,17 млрд астам теңге (өсім 17,9%), ЕЗЖ – 295,0 млн теңге (өсім 1,1%).  2025 жылдың қаңтар айындағы ЖМЗЖ  көлемі – 21,44 млрд теңге.

 

Дата публикации
12 марта 2025