Делдалдық қызмет туралы жалған хабарламаға сенбеңіз! 

Делдалдық қызмет туралы жалған хабарламаға сенбеңіз! 

 

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын бөлігін алу бойынша төмен пайызбен делдалдық қызметтер көрсету туралы ұсыныстар таратылуда. Сондай-ақ, "делдалдар" БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарын алу бойынша жақын арада өзгерістер күтілетіні туралы хабарлайды. БЖЗҚ мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын тағы да қатаң түрде ескертеді.    

           Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген жағдайларда ғана алуға болатынын ескертеміз. Ең алдымен, ол - зейнет жасы, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топ мүгедектігінің белгіленуі, ҚР аумағынан тыс ТТЖ кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеу мақсатына заңмен бекітілген талаптарды орындаған жағдайда, мына санаттағы азаматтар құқылы:     

  • ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинағы бар салымшылар (ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын сома мөлшерінде);
  • зейнетақысы жоғалтқан табысының (бұрын алынған жалақысының) кемінде 40% құрайтын зейнеткерлер – олар шотта қалған жинағының 50% дейін пайдалана алады;
  • еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинағының 100% дейін);
  • зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинағының 100% дейін).

 Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы ғана мүмкін. Тиісінше, делдалдық қызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.

Дата публикации
11 марта 2025