Ерікті зейнетақы жарналары – зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді тәсілі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Ерікті зейнетақы жарналары – зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді тәсілі 

 

Елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде жарналардың келесі түрлері жүзеге асырылады: міндетті (жұмыс берушінің жұмыскердің жалақысынан ай сайын аударатын 10%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс берушінің өз бюджеті есебінен төлейтін зиянды және қауіпті кәсіптерде еңбек ететін жұмыскерлер кірістерінің 5%), сондай-ақ, 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ). Жарнаның бұл түрі 1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5%-дан басталып, 2028 жылы 5%-ға дейін біртіндеп көтеріледі, ал 2025 жылы - 2,5%) төленеді. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ). Жеке тұлғалар өздері және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар –  қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат аудара алады. Бұл жарналардың осы түріне тән артықшылықтардың бірі ғана.

           Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ, жұмыс берушіге өтініш беру жолымен аударуға болады. Жұмыс беруші ерікті зейнетақы жарнасын БЖЗҚ-ға сол өтініштің негізінде мәлімделген тұлғаның пайдасына аударады. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін БЖЗҚ-ның зейнетақы ережелеріне сәйкес алушы дербес айқындайды. 

Дата публикации
11 марта 2025