Баспасөз аңдатпасы
2025 жылджың 13 наурызы күні сағат 10-00, 12-00, 15-00 «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) онлайн-форматта Ашық есік күнін өткізеді.
Тақырыбы: «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?».
БЖЗҚ мамандары зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер туралы баяндап береді. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын "кірісті алмастыру коэффициенті" ұғымына ерекше назар аударылатын болады.