Зейнетақы төлемі – зейнетақы жинағының нәтижесі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ-да өтетін ашық есік күніне шақырамыз:

зейнетақы төлемі – зейнетақы жинағының нәтижесі

 

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) 2025 жылғы 13 наурыз күні «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді.

 

Зейнетақы төлемдері — бұл зейнетақы жарналарын аудару мен азаматтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі. Қазіргі кезде отандастарымызды зейнетақымен қамсыздандыру екі көзден жүзеге асырылады. Бірі - мемлекеттік бюджеттен жасалатын төлемдер (базалық және ортақ зейнетақы), екіншісі - Қордан жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және белгілі бір жағдайларда - қауіпті және зиянды өндіріс саласында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 1975 жылы және одан кейін туған жұмыскерлердің пайдасына аударылатын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), сондай-ақ азаматтардың ерікті зейнетақы жинақтары (ЕЗЖ).  

 

 

Дата публикации
11 марта 2025