2024 жылы Қазақстандағы зейнетақы активтерінің кірістілігі мен инвестициялық стратегиясын талдау

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Зейнетақы активтерін басқарушылар алдыңғы жылғы көрсеткіштен

және 2024 жылғы инфляция деңгейінен асатын кіріс қамтамасыз етті

 

enpf.kz сайтында ҚР ҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқару нәтижелері

туралы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есебі жарияланды

 

2024 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) алдыңғы жылғы көрсеткіштен де, 2024 жылғы инфляция деңгейінен де (8,6%) едәуір асатын кірістілікті паш етті. Бұл зейнетақы активтерінің тиімді басқарылуы мен экономикалық жағдайларға бейімделу қабілетін көрсетсе керек. Қол жеткізілген көрсеткіштер портфельді инвестициялау мен әртараптандыру стратегиясын ұтымды таңдау нәтижесі. 

 

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 736,05 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 415 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 255,81 млрд теңге.  

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 65,24 млрд теңге.

 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

Дата публикации
10 февраля 2025