«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылғы негізгі көрсеткіштері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылғы негізгі көрсеткіштері тұрақты өсімге ие

 

2024 жылы «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) негізгі көрсеткіштері барлық бағыттар бойынша оң нәтиже берді.

Отандастарымыздың шоттарына түсетін жарналардан және инвестициялық кірістерден жинақталған зейнетақы жинақтарының көлемі 01.01.2025 жылға шамамен 22,80 трлн теңгеге жетті. Жыл ішінде 4,93 трлн теңгеге немесе 27,6% артты.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 2025 жылғы 1 қаңтарға - шамамен 21,88 трлн теңге, бір жылда 26,5% ұлғайды. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы - шамамен 653,77 млрд теңге, жыл ішінде 15% өсім көрсетті.

Бір жылдағы ең үлкен өсімді (50,3%), 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 7,94 млрд теңге көлеміне жеткен ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар паш етті.

 

2024 жыл ішінде салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсіп отырды.  2024 жылы ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 258,15 млрд теңгеден асты.

Дата публикации
07 февраля 2025