АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстандықтардың 2024 жылдың 11 айындағы
таза инвестициялық кірісі 2,78 трлн теңгеге жетті
2024 жылдың 11 айында отандастарымыздың таза инвестициялық кірісі шамамен 2,78 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 1,53 трлн теңгеге немесе 123% артық.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға 2,76 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс түсіп, 2,29 трлн теңге мөлшеріндегі осы жарналардың көлемінен асып түсті.
Тек 2024 жылдан бастап аударыла бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша таза инвестициялық кіріс 14,24 млрд теңге болды. Жарналардың бұл түрінен қалыптасқан жинақ көлемі – 204,12 млрд теңге.
2024 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан, ҚР Ұлттық Банкі басқаратын зейнетақы активтерінің кірістілігі осы кезеңдегі инфляция 7,6% болған кезде 14,85% көрсетті.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің кірістілігі – 12,00%.