АҚ БЖЗҚ жеке қызметтерінің негізгі көрсеткіштері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Отандастарымыздың зейнетақы активтері 11 айда 4,25 трлн теңгеден асты

 

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша азаматтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 22,13 трлн теңгеге (11 айдағы өсім 4,25 трлн теңге немесе 23,8%) жетті. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 4,75 трлн теңгеге (немесе 27,4%) өсті.

Қазақстандықтардың жинақтарының 96,07% мөлшері МЗЖ есебінен қалыптасқан, оның көлемі 01.12.2024ж. шамамен 21,24 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 26,4%, жыл басынан бері – 22,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 642,76 млрд теңгеге жетіп, бір жылдағы өсім – 16,2%, ал жыл басынан бері 13,1% артты. Ең үлкен өсімді (жылына 48,9%, жыл басынан бері - 43,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,59 млрд теңге.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 11 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары 218,79 млрд теңгеден асты.

Дата публикации
15 января 2025