"БЖЗҚ" АҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

"БЖЗҚ" АҚ 2024 жылғы 1 желтоқсандағы

зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынды 

 

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 119,93 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 21 838,31[1] млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 218,29 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 63,33 млрд теңге.

 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

 

Дата публикации
15 января 2025