АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Зейнетақы жинақтарыңызды хабарландыру таратқыш делдалдарға сеніп тапсырмаңыз!
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын алу бойынша делдалдық қызметтерді төмен пайызбен көрсету туралы ұсыныстар таратылуда.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшылары мен алушыларына ЕСКЕРТЕДІ: зейнетақы жинақтарын алу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде қатаң белгіленген жағдайларда ғана мүмкін. Ең алдымен, бұл зейнет жасына толу, 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектік, шет елге тұрақты тұруға кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе емделуге заңнамамен белгіленген шарттар сақталған жағдайда, төмендегі азаматтардың санаты пайдалана алады: