АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
ИПБ өкілдері бір алаңда кездесіп,
салымшылар сауалдарына жауап берді
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары нарықтық жағдайларда елімізде де, шетелде де әртүрлі валютадағы сан-алуан қаржы құралдарына инвестицияланады. Нәтижесінде инвестициялық кіріс әртүрлі көздерден құралады: бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістер, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау, сондай-ақ, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер.
Бұл кең таралған әлемдік тәжірибе. Әлемдегі зейнетақы қорлары салымшылардың зейнетақы капиталын инвестициялау және көбейту үшін тартымды және тиімді мүмкіндіктерді үнемі іздестіріп отырады. Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады.
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында онлайн-форматта "Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау" тақырыбында Ашық есік күні өтті.