«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру аясында мақсатты жинақтарды пайдалану бойынша алғашқы нәтижелер шығарылды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

      «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 2024 жылы 5,32 млн АҚШ долларын нысаналы мақсаттарына пайдаланды

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асыру аясында 2024 жылы кәмелетке толған отандастарымыздың нысаналы жинақтарды пайдалануы бойынша алғашқы қорытынды шығарылды. Еліміздің азаматы болып есептелетін барлық балаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алғашқы қаражат есептелген сәттен бастап 01.01.2025ж. жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) шамамен 5,32 млн АҚШ долларына 53 001 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 2,96 млн астам АҚШ долларына 29 542 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 2,35 млн астам АҚШ долларына 23 459 өтініш қанағаттандырылды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.

Дата публикации
15 января 2025