Еңбек қатынастарын бақылау және талдау бөлімінің ережесі

                                                                                                         «БЕКІТІЛДІ»           

«Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің

Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Ж.Айтаковтың

 2024 жылғы «_24 _»_қыркүйектегі__

№_6     _  бұйрығымен

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің (әрі қарай Департамент) еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып есептеледі.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

 

 

Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы
Дата публикации
06 января 2025