«БЕКІТІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің
Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы
Ж.Айтаковтың
2024 жылғы «_24 _»_қыркүйектегі__
№_6 _ бұйрығымен
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің
Ережесі
- Жалпы ережелер
- Жамбыл облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімі (әрі қарай - Бөлім) Жамбыл облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) құрылымдық бөлімшесі.
- Жамбыл облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің актілерін және басқа нормативтік-құқықтық актілерін, бөлім туралы осы ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы, штат саны Жамбыл облысы бойынша департаментінің бұйрығымен бекітіледі.