Еңбек қатынасын бақылау бөлімінің ережесі

                                                   

«БЕКІТІЛДІ»           

«Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің

Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Ж.Айтаковтың

 2024 жылғы «_24 _»_қыркүйектегі__

№_6     _  бұйрығымен

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау  бөлімінің

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау  бөлімі  (әрі қарай - Бөлім)  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) құрылымдық бөлімшесі.
  2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, әкімдік алқасының шешімдерін, әкімнің шешімдерін, өкімдерін сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бұйрығымен бекітіледі. 
Дата публикации
06 января 2025