Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12655 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 187-бабының 2-тармағына, 189-бабының 6-тармағына, 190-бабының 1, 4, 12-тармақтарына және 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы хабарламаның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісінің нысаны;