Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін 324-баптан қараңыз.

      Қолданушылар назарына!

      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

       Ескерту. Мазмұны алып тасталды – ҚР 08.06.2021 № 48-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "оралмандардың", "оралмандар" және "оралман" деген сөздерді тиісінше "қандастардың", "қандастар" және "қандас" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Осы Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗАРА
ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 1-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы

  1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
  2. Қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Дата публикации
30 декабря 2024