«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» - зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2024 жылғы 11, 13 желтоқсан күндері «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді.
Ашық есік күнінде БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы активтерін басқару туралы ақпаратты тікелей инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) өкілдерінен алу сияқты бірегей мүмкіндік беріледі. Әр ИПБ өзінің инвестициялау стратегиясын таныстырады және іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. БЖЗҚ мамандары ИПБ туралы ақпаратты қайдан табуға болатынын және салымшы өз таңдауын жасаған болса, жинақтарды қалауы түскен ИПБ-ға қалай аударуға болатыны жайлы түсініктеме береді.