Баспасөз аңдатпасы. Ашық есік күні

Баспасөз аңдатпасы

2024 жылдың 11 және 13 желтоқсан күндері сағат 10-00, 14-00, 16-00 де  «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.  

Іс-шара тақырыбы: «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау».

Онлайн кездесу барысында БЖЗҚ мамандары мен инвестициялық компаниялардың өкілдері Инвестициялық портфельді басқарушылар туралы толыққанды мәлімет беріп, жинақты сенімгерлікпен басқаруға аударатын компанияны қалай таңдауға болатыны, аудару қағидалары туралы баяндайды.   

 Негізгі күн тәртібінен бөлек, қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарына білікті мамандардан ақыл-кеңес ала алады. 

Баспасөз аңдатпасы. Ашық есік күні
Дата публикации
11 декабря 2024