ҚР ҰБ пен ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2024 жылдың 1 қарашасындағы инвестициялық портфельдері

ҚР ҰБ пен ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2024 жылдың 1 қарашасындағы инвестициялық портфельдері    

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 21 564,51 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері[1] 21 309,33 млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 194,23 млрд теңге.

 ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 60,95 млрд теңге.

 

 

ҚР ҰБ пен ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2024 жылдың 1 қарашасындағы инвестициялық портфельдері
Дата публикации
11 декабря 2024