Отандастарымыздың 2024 жылдың 10 айындағы таза инвестициялық кірісі 2,4 трлн теңгеге жетті

Отандастарымыздың 2024 жылдың 10 айындағы таза инвестициялық кірісі 2,4 трлн теңгеге жетті

2024 жылдың 10 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі шамамен 2,4 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 1,1 трлн теңгеге немесе 92,8% артық.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға 2,3 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс түсіп, 2,1 трлн теңге мөлшеріндегі осы жарналардың көлемінен асып түсті. Таза инвестициялық кірістің жарналар көлемінен асып түсуінің мұндай үрдісі 2024 жылғы тамыздан бері байқала бастады.

Отандастарымыздың 2024 жылдың 10 айындағы таза инвестициялық кірісі 2,4 трлн теңгеге жетті
Дата публикации
11 декабря 2024