БЖЗҚ қызметтері

"БЖЗҚ" АҚ  2024 жылдың 9 айында көрсеткен

қызметтерінің саны 34 миллионға жуық 

01.01.2024ж. бастап 30.09.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 33,9 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 16,6 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 15,9 млн жуық қызмет автоматты түрде атқарылды. Бұл операциялардың 96% қашықтықтан көрсетілді. Күндізгі форматта 871 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 840 мың қызмет ұсынылды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) енгізілуіне, сондай-ақ "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны өсті. Әсіресе, нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу ерекше серпін бергенін байқауға болады. Естеріңізге сала кетсек, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі.

БЖЗҚ қызметтері
Дата публикации
20 ноября 2024