БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы есепті ұсынады

"БЖЗҚ" АҚ 2024 жылғы 01 қазандағы

зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады 

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 21 179,1 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 20 950,2[1] млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 169,2 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 59,7 млрд теңге.

 

 

 

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы есепті ұсынады
Дата публикации
20 ноября 2024