Инвестициялық табыс

Отандастарымыздың 2024 жылдың 9 айындағы

таза инвестициялық кірісі 2,09 трлн теңгеге жетіп, зейнетақы жарналарының

көлемінен 76 млрд теңгеге асып түсті

2024 жылдың 9 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі шамамен 2,09 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 716,3 млрд теңге немесе 52,3% артық.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға 2,08 трлн теңге мөлшерінде инвестициялық кіріс түсіп, 1,85 трлн теңге болатын осы жарналар көлемінен асты.

Тек 2024 жылдан бастап аударыла бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша таза инвестициялық кіріс 9,06 млрд теңге болды. Жарналардың бұл түрінен қалыптасқан жинақ көлемі – 160,6 млрд теңге.                

2024 жылдың 9 айында БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан, ҚР Ұлттық Банкі басқаратын зейнетақы активтерінің кірістілігі осы кезеңдегі инфляция 5,7% болған кезде 11,22% көрсетті. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің кірістілігі – 8,87%.

Қордың зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігін қарастырсақ,  2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша инфляция 8,3% құрағанда ол 12,47% болды.

Инвестициялық табыс
Дата публикации
20 ноября 2024