"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы
жинақтарды пайдаланудың 2024 жылдың 8 айындағы нәтижесі
Бағдарламаны іске асырудағы 8 айда 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы шамамен 2,2 млн АҚШ доллары болатын 21 933 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 1,3 млн АҚШ долларына жуық сомаға 12 487 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 947,6 мың АҚШ долларына жуық сомаға 9446 өтініш орындалды. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымды толықтыру (1,2 млн АҚШ долларынан астам сомаға 12 048 өтініш орындалды), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 15 мың АҚШ долларынан астам сомаға 150 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге -11,7 мың АҚШ долларына 116 өтініш.