«БЖЗҚ» АҚ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына шамамен 3,4 млн АҚШ долларын аударды

«БЖЗҚ» АҚ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының

қатысушыларына шамамен 3,4 млн АҚШ долларын аударды

 

«БЖЗҚ» АҚ-ға (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдалануға өтініш беру жалғасын табуда.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық жастағы балаларға жыл сайын, олар кәмелетке толғанға дейін теңдей бөлінеді. Алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға 2024 жылғы қаңтарда түсті. 18 жасқа толғаннан кейін жастар нысаналы жинақтарын тұрғын үй және/немесе білім беру ақысын төлеу үшін пайдалана алады. Ол үшін нысаналы жинақтарды пайдалану бойынша уәкілетті оператор ретінде тіркелген банктерге өтініш берулері керек. Тұрғын үйге арналған нысаналы жинақтарды пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор ретінде "Отбасы банкі" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ белгіленсе, білім алуға арналған нысаналы жинақтарды екі уәкілетті оператор - "Отбасы банкі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мен "Қазақстан Халық банкі" АҚ арқылы пайдалануға болады.

«БЖЗҚ» АҚ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына шамамен 3,4 млн АҚШ долларын аударды
Дата публикации
20 ноября 2024