ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28 449,60 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 950,74 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 347,58 млрд теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 151,28 млрд теңгені құрады.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.
ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қыркүйекте МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,46%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,00%, ҚРҰБ депозиттері – 3,42%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,53%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,14%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,75%, МҚҰ – 0,99%.
[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда