Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері
«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады
Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшылары өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал ете алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы активтерін кіріс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валютаға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.
БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері Қор 600 мың адамды қамтыған 30 мыңға жуық ақпараттық кездесу өткізді, сондай-ақ 220 мыңнан астам өтінішті қарады.
2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 11-00 «БЖЗҚ» АҚ барша ниет білдірушілерді «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында өтетін кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады. Іс-шара офлайн форматта өтеді.
Өткізілетін мекенжайы: Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы көшесі, Желтоқсан көшесі, 59 "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "№3 Байзақ колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимараты.