Зейнетақының лайықтылығын арттыру үшін не істеу керек?

Зейнетақының лайықтылығын арттыру үшін не істеу керек?

17.06.2026

Болашақ зейнетақы деңгейі зейнетақы жинақтарына тікелей байланысты болатын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне кезең-кезеңімен көшу азаматтардың белсенділігін талап етеді.

Жинақтардың өсуін қамтамасыз ету үшін келесі қадамдар маңызды:

  • жарналардың толық әрі тұрақты түсуін бақылау. Бұны БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте немесе мобильді қосымшасында 24/7 режимінде жасауға болады;
  • инвестициялық басқару мүмкіндіктерін арттыру. Салымшылар өз таңдауы бойынша міндетті жинақтарының 50%-на дейін және ерікті жинақтарының 100%-на дейін жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) басқаруға беруге құқылы. Тәуекел деңгейіне, күтілетін кірістілікке, сондай-ақ инвестициялау мерзіміне байланысты ИПБ-ның инвестициялық стратегиясын БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте таңдауға болады.
Дата публикации
23 июня 2026