ҚРҰБ және ИПБ  басқаруындағы 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдер

ҚРҰБ және ИПБ  басқаруындағы 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдер

 

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

 

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 26 702,11 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 25 574,23 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1022,00 млрд. теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 105,88 млрд теңгені құрады.

 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

Дата публикации
10 июня 2026