|
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалған. 1.2. Осы Шарт, Жұмыскер мен Жұмыс берушінің өзіне жүктелген міндеттемелерін атқару барысында қарым-қатынастарын реттейтін еңбек шарты (бұдан әрі - «Шарт» деп аталатын) болып табылады.
2. Шарттың мәні
2.1. Жұмыс беруші Жұмыскерді жұмысқа қабылдайды, ал Жұмыскер өз келісімімен _______________ лауазымында жұмыс істеуге дайын екенін растайды, бұл Шартта, Жұмыс беруші тарапынан берілетін бұйрықтарда, нұсқауларда, қызметтік нұсқаулықта, еңбек тәртібі ережелерінде (бұдан әрі – «Жұмыс берушінің актілері» деп аталады), келісім-шартта (болған жағдайда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 2.2. Жұмыскердің нақты еңбек міндеттері Жұмыс беруші бекіткен қызметтік нұсқаулықпен анықталады және ол осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
|