Көлік саласындағы типтік еңбек шарты

1.        Жалпы ережелер

 

1.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалған.

1.2. Осы Шарт, Жұмыскер мен Жұмыс берушінің өзіне жүктелген міндеттемелерін атқару барысында қарым-қатынастарын реттейтін еңбек шарты (бұдан әрі - «Шарт» деп аталатын) болып табылады.

 

2.      Шарттың мәні

 

2.1. Жұмыс беруші Жұмыскерді ____________________ автокөлік жүргізушісі/ жүргізуші-экспедитор/машинист/көлік саласының өзге де қызметкері лауазымына қабылдайды, ал Жұмыскер осы Шартқа, лауазымдық нұсқаулыққа, ішкі еңбек тәртібі қағидаларына, Жұмыс берушінің актілеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндеттенеді.

Дата публикации
01 июня 2026