|
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалған. 1.2. Осы Шарт Жұмыскер мен Жұмыс берушінің өзіне жүктелген міндеттемелерін атқару барысында қарым-қатынастарын реттейтін еңбек шарты (бұдан әрі - «Шарт» деп аталатын) болып табылады.
2. Шарттың мәні
2.1. Жұмыс беруші Жұмыскерді жұмысқа қабылдайды, ал Жұмыскер осы Шартта көзделген талаптарға, Жұмыс беруші шығаратын бұйрықтарға, өкімдерге, лауазымдық нұсқаулыққа, ережелер мен ішкі еңбек тәртібі қағидаларына (бұдан әрі – Жұмыс берушінің актілері), ұжымдық шартқа (бар болған жағдайда) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес _____________ лауазымында жұмыс істеуге келісім береді.
3. Жұмыстарды орындау жері
3.1. Осы лауазымдағы жұмыс, негізгі болып табылады. 3.2. Жұмысты атқару орны: _____________.
|