
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
1) Меншік нысанына қарамастан облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында тексерістерді жүргізу арқылы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) Тексеріс жүргізу арқылы бар бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және шетелдік жұмыс күшін тарту заңдылығы туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру туралы жұмыс берушілер міндеттерінің сақталуы бөлігіндегі халықты жұмыспен қмту мәселесі бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) Тексерістің нәтижесі бойынша еңбек заңнамасы, халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларының анықталған бұзушылықтарын жою үшін, жұмыс берушілерге нұсқамалар беру;
4) Еңбек заңнамасының, халықты жұмыспен қамту бойынша бұзушылықтарға жол берген лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі хаттамалар мен қаулыларды құрастыру;
5) Қызметкерлердің еңбек құқықтарына шк қоятын кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен өзге лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;
6) еңбек қатынастары саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарды тексеру;
7) жұмыс берушілермен ұсынылған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, шағымдары мен арыздарын және басқа да өтініштерін қарау.
1) Тексеріс жүргізе отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің, шағымдары мен арыздарының қаралуын жүзеге асыру, жұмыс берушілерге тиісті шаралар қабылдап, арыз иелеріне жауап дайындау;
2) Еңбек заңнамасы талаптарының орындалуына бақылау, соның ішінде жұмыскерлердің еңбектерін ешбір кемсітусіз тепе-тең еңбекке тепе-тең төлеу, демалысқа, еңбек жағдайларына құқықтары;
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Басқарма басшысымен өз құзыреті шегінде мемлекеттік еңбек инспекторларға жүктелген өзге де міндеттер