Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша кеңес беру

Егер жұмыс беруші қызметкерге бірнеше айға қарыз берсе,  бұл еңбекақы бойынша алғы төлем болып табыла ма? Осы жағдай еңбекақының алдын ала төленгені болып  санала ма, сәйкесінше айлық жалақыдан 50% -дан аса алына ма немесе бұл қарыз ұсталым болама және жалақының 50 %  аспауы керек пе?

ҚР Еңбек кодексінің 113-бабы негізінде жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

Еңбекақының алдын-ала төлену сұрағы ұжымдық шартпен немесе мекеменің өзге де ішкі актілерімен реттелу керек (қызметкерлердің пікірін ескере отырып).

ҚР Еңбек кодексінің  115-бабының 3-бабы негізінде бірнеше атқарушылық парақтары бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларда, ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының 50  % аспауға тиіс.

Сонымен қатар ҚР «Құқықтық актілері туралы» Заңының 60-бабы, 4-тармағына сәйкес түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және олар ұсынымдық сипатқа ие.

Құрметті қазақстандықтар!

Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, өтінішіңізді ресімдеу және мемлекеттік органға жолдау үшін «Е-өтініш» арқылы кез келген мемлекеттік органға өтініш жіберу мүмкіндігіне ие боласыз.

Электрондық қолтаңбаңыз болмаса, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы бірнеше минут ішінде қолтаңбаны алуға болады.

Жоба халықтың өзекті мәселелерін шешудегі кедергілерді азайтуға бағытталған.

Виртуалды қабылдау бөлмесіне өтініштер Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының (ҚР ҰКО ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда ғана қабылданады.

Жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетiмдi ақпараттық жүйелерарқылы келiптүскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес түскен өтiнiштерi «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 350-VI. Заңдабелгi ленген тәртiп пен қаралады.

Виртуалды қабылдау бөлмесіне өтініш жіберу үшін браузерде https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/activities/population?lang=ru                                    сайтына өту қажет.

Документы
Ереже
15 августа 2024
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы