
1980 жылғы 20 ақпанда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2001 жылы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Үйленген, төрт баласы бар.
Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі-стажері қызметінен бастаған.
2002–2005 жылдары Маңғыстау облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасында прокурор, аға прокурор қызметтерін атқарған.
2005 жылы Алматы облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, Алматы облысы Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі қызметтерінде жұмыс істеген.
2006–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы болған.
2008–2022 жылдары Жамбыл облысы әкімінің аппаратында бас маман, бас инспектор, мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы қызметтерін атқарған.
2022–2024 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары – мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқарған.
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.