GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Өзгерістер мен түсіндірмелер
Все материалы
21 октября 2026
Еңбек инспекциясы департаменті, «МАК» ӨСК» АҚ өкілдерінің, сондай-ақ «Abay Joly Avenue» ТҮК құрылыс объектісінің мердігер ұйымдарының қатысуымен кездесу өтті

Еңбек инспекциясы департаментінің басшы орынбасары М.А. Шакеновпен жәнеМАКӨСКАҚқызметкерімен бірлесіп, еңбек қызметін жүзеге асыратын AbayJolyAvenue» ТҮК құрылыс объектісінің мердігерлік ұйымдарының өкілдерімен және құрылыс объектісінде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді. Кездесу еңбек заңнамасы саласындағы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын күшейтуге, оның ішінде жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауға бағытталған. Сондай-ақ, жұмыс берушілерге қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу міндеті жеткізілді.

19 октября 2026
Қауіпсіздік нұсқамадан басталады: жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?

Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырылуы тиіс екенін білесіз бе?

Кез келген өндірісте, құрылыс алаңында немесе басқа да жұмыс орындарында белгілі бір қауіп-қатерлер болады. Сондықтан уақтылы өткізілетін нұсқама – жай ғана формалдылық емес, жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды шарасы.

❗ Жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес жұмыс беруші:

✅ Нұсқама беру және оқытуды жүргізуге – жұмыскерлерге еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау қағидаларын түсіндіруге және олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге;

✅ Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге – кәсіптік тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алу мен төмендету жөнінде шаралар қабылдауға;

✅ Қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге – жұмыскерлерді белгіленген нормаларға сәйкес арнайы киіммен, аяқкиіммен және қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге;

✅ Қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауға – белгіленген қағидалардың орындалуын қадағалауға және анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;

✅ Медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыруға – заңнамада көзделген жағдайларда өз қаражаты есебінен медициналық қарап-тексерулер өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

⚠ Білу маңызды!

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қажетті оқытудан және білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.

Сонымен қатар, жұмыскердің өзі де белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға, қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалануға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы уақтылы хабарлауға міндетті.

Нұсқаманы тек формалды түрде өткізу қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Әрбір жұмыскер ықтимал қауіп-қатерлерді түсініп, қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі маңызды.

Есіңізде болсын: жазатайым оқиғаның салдарын жойғаннан гөрі, оның алдын алған әлдеқайда маңызды.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – жұмыс берушінің міндеті және әрбір жұмыскердің құқығы!

#ЕңбектіҚорғау #ЕңбекҚауіпсіздігі #ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #МЕИК

16 октября 2026
Еңбек инспекциясы департаменті «Қызметкерлерді сертификаттау және еңбек шарттарын ресімдеудің заманауи тәжірибелері» тақырыбындағы форумға қатысты

Еңбек инспекциясы департаменті «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өкілімен бірлесіп, «Шаңырақ» тұрғын үй саласындағы басқару, сервистік қызмет көрсету және энергия сервистік қызмет субъектілері қауымдастығы» ӨКБ және ЗТБ-ның «Consulting Comeс» консалтингтік компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған форумға қатысты.

Іс-шара барысында жұмыс берушілерге 2026 жылы енгізілген Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы өзгерістер мен талаптар, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптар түсіндірілді.

Сонымен қатар, жұмыс берушілердің қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетіне ерекше назар аударылды.

16 октября 2026
⚖️ Өтініштен нәтижеге дейін: мемлекеттік еңбек инспекциясы жұмыскерлерге қалай көмектеседі?

Әрбір жұмыскердің жалақысын уақтылы алуға, қауіпсіз еңбек жағдайларына және еңбек құқықтарының сақталуына құқығы бар.

Алайда іс жүзінде жұмыс берушінің жалақыны кешіктіруі, тиесілі төлемдерді төлемеуі, еңбек шартының талаптарын бұзуы немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтамауы сияқты жағдайлар кездеседі.

Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, не істеу керек?

📌 1-қадам. Өтініш беріңіз

Жұмыскер жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық департаментіне, оның ішінде e-Otinish порталы арқылы өтініш бере алады.

📌 2-қадам. Өтінішті қарау

Мемлекеттік еңбек инспекторлары өтініште көрсетілген мән-жайларды зерделейді, ұсынылған құжаттарды талдайды және заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда жұмыс берушіге тексеру жүргізеді.

📌 3-қадам. Тиісті шаралар қабылдау

Егер заңбұзушылықтар расталса, мемлекеттік еңбек инспекторы өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды. Атап айтқанда, жұмыс берушіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілуі, ал кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

📌 4-қадам. Орындалуын бақылау

Еңбек инспекциясының жұмысы заңбұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмейді. Мемлекеттік еңбек инспекторлары берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және жұмыскерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.

Біздің міндетіміз – заңбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, жұмыскерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге ықпал ету.

Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, бұл жағдайды назардан тыс қалдырмаңыз. Мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгініңіз.

#ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #ЖұмыскерлердіңҚұқықтарынҚорғау #ЕңбекЗаңнамасы #МЕИК

15 октября 2026
Еңбек қатынастарын рәсімдеу: жұмыскер мен жұмыс беруші нені білуі қажет

Еңбек қатынастарын рәсімдеу азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Еңбек қатынастары тиісті түрде рәсімделген сәттен бастап тараптардың құқықтары мен міндеттері, еңбек жағдайлары, еңбекақы төлеу тәртібі және жұмыскердің әлеуметтік қорғалу кепілдіктері айқындалады.

Сонымен қатар, бұзушылықтар көбінесе жұмысқа қабылдау кезеңінде орын алады: еңбек шарты жасалмайды, оның талаптары нақты еңбек жағдайларына сәйкес келмейді, жұмыскер тиісті рәсімдеусіз еңбек міндеттерін орындауға жіберіледі немесе еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне қажетті мәліметтер енгізілмейді.

Осыған байланысты жұмыс берушілер де, жұмыскерлер де сақтауға тиіс заңнама талаптарын қарастыру маңызды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 24 және 33-баптарына сәйкес еңбек қатынастары жазбаша нысанда не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында еңбек шартын жасасу арқылы рәсімделеді.

Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкес еңбек шартында тараптардың деректемелерін, жұмыскердің еңбек функциясын, жұмыс орнын, шарттың мерзімін, жұмыстың басталу күнін, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін, еңбекақы мөлшері мен оны төлеу талаптарын, еңбек жағдайларының сипаттамасын және заңнамада көзделген өзге де міндетті мәліметтер мен талаптарды қамтуы тиіс.

Жұмыс беруші еңбек шартының тиісті түрде рәсімделуін қамтамасыз етуге міндетті. Ал жұмыскер шартқа қол қоймас бұрын оның талаптарымен мұқият танысып, көрсетілген мәліметтердің нақты уағдаластықтарға сәйкестігін тексеріп, шарттың өз данасын алуы қажет.

Еңбек қатынастарын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттармен алмастыруға жол бермеуге ерекше назар аудару қажет.

Еңбек кодексінің 27-бабына сәйкес еңбек шартының айрықша белгілеріне жұмыскердің белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша еңбек функциясын орындауы, еңбек тәртібіне бағына отырып, еңбек міндеттерін жеке орындауы, сондай-ақ еңбегі үшін жалақы алуы жатады.

Құқықтық қатынастардың сипатын айқындау кезінде жасалған шарттың атауын ғана емес, оның нақты мазмұнын да негізге алу қажет. Егер азамат іс жүзінде еңбек функциясын орындаса, жұмыс беруші белгілеген тәртіпке бағына отырып, міндеттерін жеке атқарса және еңбегі үшін жалақы алса, мұндай мән-жайлар еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып бағалануға тиіс.

Еңбек шартын азаматтық-құқықтық сипаттағы шартпен алмастыру азаматтардың еңбек құқықтарының шектелуіне, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына және заңнамада көзделген өзге де кепілдіктерге қатысты құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Келесі маңызды мәселе – еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен міндеттерін сақтау.

Еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс беруші еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға, жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге, жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеуге, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Бұл ретте еңбек шартының болуы жұмыс берушінің заңнама талаптарын толық сақтағанын өздігінен білдірмейді. Нақты еңбек жағдайларының шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, еңбек жағдайларының өзгерістерін белгіленген тәртіппен уақтылы рәсімдеу және заңнамада көзделген кепілдіктерді сақтау қажет.

Жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартының мерзімін дұрыс айқындап, мерзімді еңбек шарттарын жасасу үшін заңнамада белгіленген негіздер мен шектеулерді сақтау қажет.

Сынақ мерзімі туралы талап еңбек шартында көзделуге тиіс. Сынақ жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленеді және жұмыс берушіні еңбек заңнамасының талаптарын сақтау міндетінен босатпайды. Сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданған жұмыскер де заңнамада көзделген еңбек құқықтары мен кепілдіктерін пайдаланады.

Сынақ мерзімін еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуге, жалақы төлемеуге немесе жұмыс берушінің өзге де міндеттерін орындаудан жалтаруға негіз ретінде пайдалануға жол берілмейді.

Кадрлық құжаттаманы жүргізу және еңбек шарттарын есепке алу мәселесі де ерекше назар аударуды қажет етеді.

Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне еңбек шарттарын жасасу және тоқтату, оларға енгізілген тиісті өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ демалыстардың жекелеген түрлері туралы заңнамада көзделген мәліметтерді енгізуге міндетті.

Кадрлық құжаттаманы тиісті түрде жүргізу және қажетті мәліметтерді уақтылы енгізу жұмыскерлердің еңбек қызметін растау, еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз ету және заңнамада белгіленген әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру үшін маңызды.

Қажетті құжаттардың болмауы, мәліметтердің сәйкес келмеуі немесе еңбек қатынастарының тиісінше рәсімделмеуі жұмыскердің еңбек қызметі фактісін растауды және өз құқықтарын қорғауды қиындатуы мүмкін, сондай-ақ жұмыс беруші үшін заңнамада көзделген салдарға әкелуі ықтимал.

Осыған байланысты жұмыс берушілер құжаттарды дұрыс рәсімдеуге, енгізілетін мәліметтердің толықтығына, сондай-ақ оларды енгізудің белгіленген мерзімдері мен тәртібін сақтауға ерекше назар аударуы қажет.

Азаматтардың өтініштерін қарау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде еңбек қатынастарының нақты мән-жайларын анықтау ерекше маңызға ие. Атап айтқанда, еңбек шартының жасалған-жасалмағаны, азаматтың жұмысқа нақты жіберілген-жіберілмегені, шарт талаптарының заңнамаға сәйкестігі, жалақының төленуі және көзделген еңбек кепілдіктерінің сақталуы анықталуға тиіс.

Өз кезегінде, жұмыскерлер өздерінің негізгі еңбек құқықтарын білуге, еңбек шартының өз данасын және жұмыстың орындалуы мен жалақының төленуін растайтын құжаттарды сақтауға, ал даулы жағдайлар туындаған кезде өз құқықтарын қорғау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен уақтылы жүгінуге тиіс.

Қорытындылай келе, еңбек қатынастарын тиісті түрде рәсімдеу – жай ғана формальдылық емес, еңбек саласындағы заңдылықты қамтамасыз етудің міндетті шарты екенін атап өткен жөн.

Жұмыс беруші үшін бұл заңнамада белгіленген міндеттерді орындауды, құқықтық тәуекелдерді азайтуды және тұрақты еңбек қатынастарын қалыптастыруды білдіреді. Ал жұмыскер үшін еңбек қызметі фактісін растауға, жалақы алуға және заңнамада көзделген еңбек және әлеуметтік кепілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.

14 октября 2026
Еңбек инспекциясы департаменті, «МАК» ӨСК» АҚ өкілдерінің, сондай-ақ «Kokjiek» ТҮК құрылыс объектісінің мердігер ұйымдарының қатысуымен кездесу өтті

Еңбек инспекциясы департаменті МАКӨСКАҚқызметкерімен бірлесіп, еңбек қызметін жүзеге асыратын Kokjiek» ТҮК құрылыс объектісінің мердігерлік ұйымдарының өкілдерімен және құрылыс объектісінде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді. Кездесу еңбек заңнамасы саласындағы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын күшейтуге, оның ішінде жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауға бағытталған. Сондай-ақ, жұмыс берушілерге қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу міндеті жеткізілді.

13 октября 2026
📌 Жұмыс беруші қызметкерді демалыс күндері жұмысқа тарта ала ма?

Демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі, алайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

📖 ҚР Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға олардың жазбаша келісімімен немесе өздерінің өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі.

❗ Қызметкер нені білуі маңызды?

✅ Қызметкердің келісімі. Жалпы ереже бойынша жұмыс беруші қызметкерді оның жазбаша келісімінсіз демалыс күні жұмысқа тартуға құқылы емес.

✅ Еңбекақы төлеу. ҚР Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде жүргізіледі.

✅ Басқа демалыс күні. Қызметкердің қалауы бойынша жоғарылатылған еңбекақы төлеудің орнына басқа демалыс күні берілуі мүмкін.

✅ Ерекше жағдайлар. Заңнамада қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға жол берілетін жекелеген жағдайлар көзделген.

⚖️ Есіңізде болсын: қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың белгіленген тәртібін сақтау – жұмыс берушінің міндеті.

📢 Өз еңбек құқықтарыңызды біліңіз және оларды қорғаңыз!

#ЕңбекҚұқықтары #ҚРЕңбекКодексі #ЕңбекИнспекциясы #ҚызметкерлердіңҚұқықтарынҚорғау #МЕИК #ҚРЕңбекМинистрлігі

08 октября 2026
Әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Кездесуде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Е.С. Исмагулов еңбек заңнамасын бұзу бөлігінде анықталған тәуекелдерді жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сөз сөйледі.

Отырыс барысында қатысушылар Астана қаласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары мен еңбек дауларының ағымдағы жай-күйіне, жұмыс берушілердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтерді енгізуіне, жұмыскерлерді Еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасуына, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жай-күйіне қатысты мәселелерді қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын одан әрі нығайтуға және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жауапты мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестік тараптарына нақты тапсырмалар берілді.

Жұмыс берушілерге анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше жою және тиісті мәліметтерді тиісті жағдайға келтіру үшін мерзім берілді.

Жұмыс берушілер анықталған сәйкессіздіктерді жоймаған жағдайда, Департамент белгіленген мерзімде заңнамада көзделген ден қою шараларын қабылдайтын болады.

08 октября 2026
Жұмыс берушілерге ЕШЕАБЖ-дағы мәліметтерді өзектендіру ұсынылады

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмыс берушілердің назарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттары туралы мәліметтерді уақтылы тексеру және өзектендіру қажеттігіне аударады.

Бүгінде ЕШЕАБЖ-да шамамен 6,9 млн қолданыстағы еңбек шарты туралы мәліметтер қамтылған.

Жұмыс берушілерге енгізілген ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын, оның ішінде қызметкер, лауазымы, еңбек шартының мерзімі, ауыстырулар, еңбек жағдайларының өзгеруі және еңбек қатынастарының тоқтатылуы туралы мәліметтерді тексеру ұсынылады.

ЕШЕАБЖ-дағы өзекті мәліметтер қызметкерлердің еңбек қызметі туралы деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге және ақпараттық жүйелердегі сәйкессіздіктер санын азайтуға мүмкіндік береді.

Заңнамада мынадай жағдайлар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз:

  • ЕШЕАБЖ-ға ақпаратты енгізбеу не белгіленген мерзімдерде уақтылы енгізбеу;
  • ақпаратты толық көлемде енгізбеу;
  • ЕШЕАБЖ-ға анық емес және (немесе) қате ақпарат енгізу.

Жұмыс берушілерге ЕШЕАБЖ-дағы мәліметтерді тұрақты түрде тексеріп, оларды уақтылы өзектендіруді ұсынамыз.

ЕШЕАБЖ-дағы еңбек шарттары туралы мәліметтерді қазірден тексеріңіз — деректер толық, өзекті және дұрыс болуы тиіс.

08 октября 2026
«Еңбек шартының мазмұны – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың кепілі»

Еңбек шарты жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құқықтық құрал және еңбек құқықтарын іске асырудың маңызды кепілдіктерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 21-бабына сәйкес, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, еңбек қатынастары еңбек шарты негізінде туындайды.

Еңбек шартының мазмұны ерекше маңызға ие, өйткені онда еңбек қатынастарының негізгі талаптары мен тараптардың өзара міндеттемелері бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкес, еңбек шартында тараптар туралы мәліметтер, еңбек функциясы, жұмысты орындау орны, еңбек шартының мерзімі, жұмыстың басталу күні, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбекақы мөлшері және оны төлеу талаптары, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де міндетті талаптар қамтылуға тиіс.

Жұмыскердің еңбек құқықтарын қорғау үшін еңбек функциясын нақты айқындаудың маңызы зор. Лауазымы мен атқаратын жұмысының нақты көрсетілуі жұмыскердің нақты қызметінің еңбек шартында белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге және еңбек қатынастарында көзделмеген міндеттерді оған негізсіз жүктеуге жол бермеуге мүмкіндік береді.

Еңбекке ақы төлеу талаптарының да маңызы ерекше. Еңбек шартында еңбекақы мөлшері мен оны төлеу талаптарының көрсетілуі жұмыс берушінің міндеттемелерінің көлемін анықтауға мүмкіндік береді және еңбекақының дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуіне қатысты мәселелерді қарау кезінде құқықтық негіз болып табылады.

Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін бекіту жұмыскердің заңда белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығы мен тынығуға құқығын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Бұл талаптар жұмыскерді үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тарту тәртібінің сақталуын бағалау кезінде де ескеріледі.

Зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс атқару кезінде кепілдіктер мен өтемақы төлемдерінің талаптары ерекше маңызға ие. Оларды еңбек шартында тиісті түрде көрсету заңнамада көзделген кепілдіктердің қамтамасыз етілуіне және олардың іс жүзінде берілуін бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, еңбек шартының талаптары жұмыскердің жағдайын еңбек заңнамасымен салыстырғанда нашарлатуға тиіс емес. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 10-бабына сәйкес, келісімдердің, еңбек шарттарының және жұмыс беруші актілерінің талаптары заңнамада белгіленген жұмыскерлердің құқықтары мен кепілдіктерінің деңгейін төмендетпеуге тиіс. Жұмыскердің жағдайын нашарлататын талаптар жарамсыз болып табылады және қолданылуға жатпайды.

Осылайша, еңбек шартын жасасу кезінде тараптардың еркіндігі еңбек заңнамасының міндетті талаптарымен шектеледі. Жұмыс беруші еңбек қатынастарына қосымша талаптар енгізуге құқылы, алайда олар жұмыскерлердің заңда белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін бұзбауға тиіс.

Еңбек шарты еңбек жағдайлары өзгерген кезде де ерекше рөл атқарады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және тиісті құжаттық рәсімдеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді және жұмыс берушінің бұрын келісілген еңбек жағдайларын негізсіз өзгертуіне жол бермейді.

Еңбек шартының мазмұнының практикалық маңызы еңбек даулары мен жұмыскерлердің өтініштерін қарау кезінде айқын көрінеді. Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар үшін еңбек шарты еңбек қатынастарының бастапқы талаптарын анықтауға және оларды нақты жағдайлармен салыстыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бақылау практикасы осы мәселенің өзектілігін көрсетеді. Тексерулер барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек шарттарын ресімдеуге және олардың мазмұнына, сондай-ақ еңбек қатынастарының белгіленген талаптарының сақталуына байланысты бұзушылықтарды анықтайды. Мұндай бұзушылықтарға, атап айтқанда, еңбек шарттарын тиісінше ресімдемеу, оларды жасасу және өзгерту тәртібін сақтамау, шарт талаптарының нақты еңбек қатынастарына сәйкес келмеуі, жұмыс уақыты режимі мен еңбекақы төлеу талаптарын бұзу жатады.

Тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, оның ішінде прокуратура органдарының өзара іс-қимылы шеңберінде анықталған бұзушылықтарды жою және жұмыскерлердің бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылданады.

Өтініштің мән-жайына байланысты еңбек шартының талаптары, жұмыс берушінің актілері, жұмыс уақытын есепке алу табельдері, еңбекақыны есептеу және төлеуге қатысты құжаттар, лауазымдық нұсқаулықтар және істің мән-жайларын анықтау үшін маңызы бар басқа да құжаттар зерделенеді.

Осылайша, еңбек шарты еңбек қатынастарын ресімдеу функциясын ғана атқарып қоймай, кепілдік беруші, дәлелдемелік және алдын алу функцияларын да жүзеге асырады. Оның мазмұны тараптардың құқықтары мен міндеттерінің көлемін анықтауға, еңбек қатынастарының құқықтық айқындығын қамтамасыз етуге және еңбек дауларының туындауына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, еңбек шартын тиісті түрде ресімдеу еңбек саласында заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Осыған байланысты еңбек шартының мазмұнына қойылатын талаптарды сақтау тек кадрлық рәсім ретінде емес, еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алудың және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын тиімді қорғаудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде қарастырылуға тиіс.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы