Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, жұмыс орындарында еңбекті қорғаудың жай-күйіне тексеру жүргізеді, бұзушылықтарды анықтайды және түзету іс-шараларының орындалуын бақылайды. Өндірістік жарақаттанудың алдын алуды және нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
