
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің келесі бұйрық жобалары орналасқаны туралы хабарлайды.
- «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы». Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15516244
- «Әуе кемелерінің қозғалысы туралы хабарламалардың форматтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы». Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518406
- «Поездар қозғалысымен байланысты терминдерді бекіту туралы». Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518424
- «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы». Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518542
Сіздерді осы бұйрық жобалары бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.