
2020 жылдың 04 қыркүйек күні Алматы қаласында ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Д.Қоспабаевтың төрағалығымен көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысына Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау Инспекциясының жеке құрамы және Алматы облысы бойынша көліктік бақылау Инспекциясының басшысы Б.Нұрабаев қатысты.
Кеңесте көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы Алматы қаласы және Алматы облысындағы Инспекция басшылығының атқарған жұмыстары тыңдалып, жан-жақты мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, жолаушылар тасымалын бақылау мәселелері жөнінде Алматы облысы мен Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау Инспекцияларында жолаушылар тасымалы саласындағы жұмыстарды реттеуге байланысты проблемалық мәселелерді және ұсыныстар мен ұсынымдарды қалыптастыру үшін, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, жұмыс тобын құруды тапсырды – ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Д.Қоспабаев.
Бұдан басқа, автомобиль жолдарына автоматтандырылған өлшеу бекеттерін (АӨБ) орнату арқылы көліктік бақылауды жүзеге асырудың жаңа форматы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Төраға орынбасары жергілікті атқарушы және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар үшін "АӨБ" жұмысының жаңа тәртібін таныстыру мәселесін пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымдармен шетелдік автомобильдердің жүруін бақылауды күшейту бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, шекара маңындағы аудандарда көліктік бақылауды күшейту бойынша ұсынымдар әзірлеу сияқты бірқатар өзекті міндеттер қойылып, қаралды.