ҚР ИИДМ Көлік комитеті барлық кеме жүргізушілер мен кеме иелеріне қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады

ҚР ИИДМ Көлік комитеті барлық кеме жүргізушілер мен кеме иелеріне қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады

2020 жылғы 22 тамызда алдын ала деректер бойынша «Sea-doo» маркалы гидроциклдің тиісті емес маневрі салдарынан «Прогресс – 4» маркалы кемемен сүйретілетін үрлемелі жүзу құралына кіруге жол берілген. Нәтижесінде бала зардап шегіп, орташа ауырлықтағы жарақат алған.

Бұл ретте шомылуға арналған орындар акваториясында сүйретілетін көлік үрлемелі, серуендеу, жүзу құралдарын, сондай-ақ осы құралды сүйретуге арналмаған Кемелерді қолдануға белгіленген шектеу бар екенін ескеру қажет.

Осыған байланысты, ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларына тексеру жүргізу, сыныптау және есепке алу қағидаларына сәйкес кеме жүргізушілер мен кеме иелерінің кінәсінің дәрежесін айқындау үшін белгіленген мерзімде тексеру жүргізілетін болады.

ҚР ИИДМ Көлік комитеті барлық кеме жүргізушілер мен кеме иелеріне келесі қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады:

- жағажайларда және басқа да ұйымдастырылған шомылу орындарында жүзу шекарасын қоршауға 10 метрден жақын емес жақындауға;

- барлық үрлемелі, серуендеу, жүзу құралдарын шомылуға арналған орындар акваториясында, сондай-ақ осы құралды сүйреуге арналмаған кемелермен тіркеп сүйреуге;

- киетін және тағылған құтқару кеудешелерінсіз;

- шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліксіз;

- жолаушылар сыйымдылығы нормаларын сақтау, аудан бойынша шектеу және жүзу шарттары бұзыла отырып;

- ақаулы техникалық жағдайда;

- кемеде он төрт жасқа толмаған балаларды ересектерсіз тасымалдауға;

Еліміздің су айдындарында кемелерді қауіпсіз пайдаланудың жоғарыда көрсетілген талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, куәгерлерден осы фактілер туралы комитеттің Ахуалдық орталығының нөміріне (тәулік бойы) 8 71 72 98 35 35 хабарлауды немесе Комитеттің WhatsApp messenger 8-708-08-08-00 нөміріне фото және бейне материалдарды жолдауды сұраймыз.