
2020 жылдың 26 тамызында сағат 06-15 шамасында Түлкібас ауданы Састөбе селосында Сарыағаш ауданы Дербісек елді мекенінде Дулатов көшесі №29 үйде тұратын 1992 жылы туылған Юсупов Кемран Ильясович (сақтандыру полисімен) Yutong маркалы мемлекеттік номері 750NPB05 автобусты жүргізіп келе жатқан кезінде рульді басқара алмай, жолдың оң жақ бетіне аударылып кеткен. Автобустың иесі Шыныбеков Ербол Исабилович, автобус Алматы-Сарыағаш бағытында жүріп келе жатқан және автобустың салонында 21 жолаушы болған.
Нәтижесінде Сайрам ауданы Ақсукент елді мекенінде орналасқан Орталық аудандық ауруханаға 2 жолаушы жатқызылған:
Басқа жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
ЕИСТО бірыңғай ақапараттық жүйесі арқылы анықталғандай, аталған автобус 04.06.2020 жылы Сарыағаш қаласында орналасқан «Анарбаев» Жеке Кәсіпкерлігінен техникалық байқаудан өткен және мерзімі 04.12.2020 жылға дейін жарамды.
Сондай-ақ, Түркістан облысы бойынша Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, аталған автобус жолаушыларды тұрақты немесе тұрақсыз тасымалдаушы ретінде Басқармада тіркелмеген.