Халықаралық автотасымалдар мәселелері жөнінде кезекті комиссия отырысы өтті

Халықаралық автотасымалдар мәселелері  жөнінде кезекті комиссия отырысы өтті

  2020 жылғы 21 тамызда бейнеконференц байланыс режимінде Халықаралық автотасымалдар мәселелері жөніндегі Қазақстан-Литва аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.

       Қазақстан тарапынан ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Д.Коспабаевтың басшылығымен және Көлік комитеті мен «Атамекен» ҰКП салалық басқармаларының өкілдері қатысты.

         Отырыс барысында тараптар 2020 жылға арналған рұқсат бланкілерімен қосымша алмасу, сондай-ақ екіжақты және транзиттік тасымалдарға арналған әмбебап рұқсат бланкісінің түрін бөлу мәселелерін талқылады.

         Сонымен қатар, Отандық тасымалдаушылардың мүдделерін ескере отырып, Қазақстандық тарап 2020 жылға арналған Үшінші елдерге/елдерден рұқсат алмасу квотасын ұлғайту жөніндегі Литва тарапының ұсынысын қолдамады.

         Бұдан басқа, тараптар тасымалдаушылардың көлік заңнамасын бұзғандығы туралы ақпаратпен алмасты және бұдан әрі шаралар қабылдау үшін осы ақпаратты бір-біріне ресми түрде жіберуге келісті.

Талқылау қорытындысы бойынша Тараптар тасымалдаушылардың рұқсаттарды пайдалануын ескере отырып, ағымдағы жылдың қараша айында 2021 жылға арналған рұқсат бланкілерімен алмасудың алдын ала квотасын айқындауға келісті.