
Қызылорда облысында Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 15.07.2020ж.№49 «Су көлік объектілерінде қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Республика аумағындағы су айдындарында ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық бағытында пайдаланылатын су көліктерді (катерлер, теплоходтар және т.б.) пайдалануды ерекше өкімге дейін тоқтату қарастырылған.
Осыған орай, Қызылорда көлік прокуратурасы, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекция, ҚР ІІМ ТЖК Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ-сі, Қызылорда облысының тауалар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен 2020 жылғы 5 тамызында Шиелі ауданы Бәйгеқұм елді мекені Ханқожа көлінде бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, жүргізілді.
Жүргізілген рейдтік жұмыстары барысында азаматтардың шағын көлемді кемені басқарған кезде бұзушылықтары анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 582 бабы 5 тармағына сәйкес 3 жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартылды.