Қызылорда облысында жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қатысты жұмыс тобы рейдтік шараларын жүргізді

Қызылорда облысында жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қатысты жұмыс тобы рейдтік шараларын жүргізді

Қызылорда облысында карантин режиміне қатысты шектеу шараларын енгізуге қарамастан тасымалдаушылар тұрақты емес қалааралық тасымалдарды жүзеге асыруда. Жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың алдын алу мақсатында ҚР ИИДМ Көлік комитетінің тапсырмасына сәйкес, Қызылорда көлік прокурорының 2020 жылғы 20 шілдедегі өкімі бойынша, көліктік бақылау Инспекциясы, жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп жұмыс тобы құрылып, рейдтік жұмыстары жүргізілді.  

Рейдтік іс-шаралар барысында ауысым алдындағы медициналық және техникалық куәландырудан өтпеу, тұрақты емес тасымалдау кезінде жолаушыларды тасымалдауға құқық беретін рұқсат беру құжаттарынсыз жүзеге асыру, тахографты қоспағанда, көлік заңнамасының талаптары бойынша өрескел бұзушылықтар анықталды. 

Бүгінгі күні жұмыс тобы тұрақты емес тасымалдарды жүзеге асыру кезінде көлік заңнамасының талаптарын бұзудың 11 фактісін анықтады, тұрақты емес тасымалдарды жүзеге асыруға құқық беретін лицензияның болмауы 4 фактісі бойынша сот органдарының жіберілуне қаралуда. 

Еске сала кетейік, елдегі  коронавирустың инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында карантин режиміне байланысты Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қалааралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға шектеу қойылған болатын.